Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Департамент туралы ереже

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму

министрлігінің Кадр жұмысы департаменті

туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Кадр жұмысы департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Министрліктің жауапты хатшысы  бекітеді.

4. Департамент:

1) Кадр жұмысы басқармасы;

2) Тәртіптік іс және персонал тиімділігін бағалау персонал тиімділігін бағалау басқармасы;

3) Кадр әлеуетін дамыту басқармасынан тұрады.

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

5. Міндеті: Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

Функциялары:

1) Министрліктің персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

2) Министрліктің кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

3) Министрліктің кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

4) Министрліктің кадр мониторингі және кадрлық іс қағаздарын жүргізу, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.

6. Департаменттің міндеті: Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Министрлікте кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

2) Министрлік кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;

3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің қызметіне аттестаттау мен оқытуды, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде), қызметін өткеру, қызметтік тексерулер мен тоқтату рәсімдерін сақтауына, бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;

5) кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметкерлердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің қызметін бағалауды  жүргізуді ұйымдастыру.

7. Міндеті: Министрлікте корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.

Функциялары:

1) Министрлікте еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, Министрге және Министрліктің Жауапты хатшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстар енгізу.

8. Міндеті: салалар бойынша кадрлар даярлауды ұйымдастыру.

Функциялары:

1)               салалар кадрларын даярлау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің іске асырылуын қамтамасыз ету;

2)               Министрліктің салалық кеңестерінің қызметін үйлестіру;

3)               уәкілетті органдар құрған кадрлар даярлау мәселелері бойынша жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

9. Міндеті: Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін бағалау және талдау.

Функциялары:

1) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін бағалауды және талдауды өткізуге қатысты негізгі ережелерді, бағыттарды, критерийлерді, механизмдерді анықтайтын құқықтық актілерді әзірлеуді жүзеге асыру;

2) құрылымдық бөлімшелер қызметінің тиімділігін бағалаудың және талдаудың негізгі көрсеткіштерін әзірлеуге қатысу;

3) құрылымдық бөлімшелер қызметінің тиімділігін бағалау және талдау жүргізудің ақпараттық түсіндіру жұмысы жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

4) құрылымдық бөлімшелер қызметінің тиімділігін бағалау және талдау жүргізу қорытындылары бойынша ақпарат жинауды жүзеге асыру және талдамалық анықтамалар, қорытындылар және ұсыныстар дайындау.

10. Департамент Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

11. .Құқықтары мен міндеттері:

11.1.Департамент:

1) Заңмен және осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінен және ұйымдарынан сұратуға және алуға;

2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауға;

3) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз өкілеттігі шегінде кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізуге;

4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексеру жүргізуге;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

12. Департамент Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

13. Департаменттің міндетіне мыналар кіреді:

1)               Министрлік қызметкерлерінің жеке істерін, еңбек кітапшаларын жүргізеді;

2)               Министрлік қызметкерлерінің жеке құрамы мен демалыс беру жөніндегі бұйрықтарын ресімдейді;

3)               Министрлік бойынша бекітілген кестелерге сәйкес кезекті еңбек демалыстарының уақтылы берілуін бақылауды жүзеге асырады;

4)               еңбек шарттарын ресімдейді;

5)               Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу жөнінде бұйрықтарды және іссапар куәліктерін ресімдейді;

6)               Министрлік қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін ресімдейді;

7)               Министрліктің құрылымын әзірлейді;

8)               құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді әзірлейді;

9)               лауазымдық нұсқаулықты әзірлеу жөніндегі жалпы үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды бекітуге енгізеді;

10)          Министрлік орталық аппаратының, сондай-ақ ведомство басшылары мен олардың орынбасарларының  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің лауазымдарына біліктілік талаптарын әзірлейді;

11)          мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органмен кадрлық резервінен қызметкерлерді іріктеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

12)          бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізуді ұйымдастырады;

13)          мемлекеттік қызметкерлердiң шектеулерді қабылдауы туралы келiсiмін жазбаша нысанда бекітедi;

14)          Министрлік қызметкерлерін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексімен (Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп қағидалары) таныстырады;

15)          Министрліктің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің ант беру салтанатын өткізуді ұйымдастырады;

16)          мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуі үшін материалдар дайындауды жүзеге асырады;

17)          қызметтік тексерулер жүргізеді;

18)          қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту  мәселелері бойынша құжаттарды дайындайды;

19)          Министрлік қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

20)          қызметкерлерді мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ұсыну, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттау үшін құжаттарды ресімдейді;

21)          Министрлік қызметкерлерінің өтілін белгілеу жөніндегі комиссияларының отырысын өткізеді;

22)          Министрлік қызметкерлерінің алынған табыстары және салық салу объектісі болып табылатын жеке меншік құқығында оларға тиесілі мүлік туралы мәліметтерді электрондық түрде салық қызметі органдарына ұсынуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

23)          Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны қабылдау туралы анықтамаларды жинауды жүзеге асырады;

24)          мемлекеттік қызметке қабылданатын қызметкерлердің құжаттарын міндетті арнайы тексеруден өтуі үшін қажетті құжаттарды жинауды жүзеге асырады және уәкілетті органға жолдайды;

25)          Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне сұрау салу жолдайды;

26)          уәкілетті органдарға ұсыну үшін қажетті ақпаратты, есептерді, анықтамалық материалдарды және мәліметтерді дайындауды жүзеге асырады;

27)          гендерлік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша жұмысты жүргізеді;

28)          Министрлік қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі табельді жинауды және толтырылуын тексеруді жүзеге асырады;

29)          Министрлікте студенттер мен оқу орындары түлектерінің практикадан өтуі бойынша жұмысты ұйымдастырады;

30)          Министрліктің әскери міндетті қызметкерлерін есепке алуды жүргізеді және оларды әскери есепке қоюын бақылауды жүзеге асырады;

31)          Министрліктің әскери міндетті қызметкерлерінің Т-2 карточкаларын толтырады;

32)          тұрғын үй мәселелері бойынша құжаттардың жинауын және дайындауын жүзеге асырады;

33)          Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы Медициналық орталығымен бекіту, вакцинация жүргізу және Министрлік қызметкерлерінің кешенді профилактикалық медициналық тексеруден өту мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

34)          кадрларды даярлау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің іске асыру бойынша жұмысты үйлестіреді;

35)          Министрліктің салалық кеңестерінің отырыстарына қатысады;

36)          Министрліктің салалық кеңестерінің қызметі бойынша ақпаратты жинауды жүзеге асырады;

37)          уәкілетті органдар құрған кадрларды даярлау мәселелері бойынша жұмыс топтарының жұмысына қатысады;

38)          Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы жыл сайынғы өтінімдерді дайындауды жүзеге асырады;

39)          біліктілікті арттыру курстарын және семинарларды өткізу үшін қажетті құжаттарды қалыптастырады;

40)          Министрліктің мемлекеттік қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын өту үшін құжаттарды жинауды және ресімдеуді жүзеге асырады;

41)          тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады;

42)          аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметкерлерді қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттік қызметкерлерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметкерлерді қызметінен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

43)          кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді;

44)          мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;

45)          мемлекеттік қызметкерлердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, мемлекеттік қызметкерлерді көтермелеу түрлерін және оларды қолдану тәртібін әзірлейді;

46)          Мемлекеттік істер бойынша уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға алғаш рет қабылданған адамдарға тәлімгерлерді бекіту;

47)          мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған адамдарға кәсіби даярлығына практикалық көмек көрсету мәселелері бойынша тәлімгерлердің қызметін үйлестіру;

48)          мемлекеттік қызметкерлердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады;

49)          Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін бағалау және талдау жүргізу үшін ақпаратты жинақтауды жүзеге асырады;

50)          Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін бағалау жүргізуді ұйымдастырады және талдауды жүзеге асырады;

51)          Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар дайындайды;

52)          Министрлік қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау және талдау қатысты мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара

іс-қимыл;

53)          Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.

 

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

14. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

15. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады. 

16. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және  Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

17. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

18. Директор осы мақсатта:

1) Департаменттің құрамына кіретін Басқармалар басшыларының, өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департаменттің құрамына кіретін  Басқармалар туралы ережелерді бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенті актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент директорының орынбасарлары болады.

20. Департамент директорының орынбасалары:

1) өз өкілеттіктері шеңберінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезде Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

21. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

22. Департамент директоры, оның орынбасалары және Департаменттің басқарма басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

23. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен анықталады.

 

 

Жарияланған: 09.07.2015
Жаңартылған: 25.01.2017
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

КАДР ЖҰМЫСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ